2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы 2,5 есе өседі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы 2,5 есе өседі. Бұл туралы Nur Otan партиясының кезектен тыс XX Съезінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жаһандық жаңа сын-тегеуірінді ескере отырып, білім, ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет және спортқа арналған шығыстар артады. Бұл - адами капиталға, еліміздің болашағына салынған стратегиялық инвестиция. Денсаулық сақтау саласын қаржыландыру көлемі жалпы ішкі өнімнің кемінде 5 пайызын құрайды», - деді Мемлекет басшысы.
ҚР Президенті цифрландыру, телемедицина, биологиялық қауіпсіздік инфрақұрылымын қамтитын Бірыңғай ұлттық жүйені құру аяқталатынын атап өтті.
«Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 2 ғылыми-инновациялық көпбейінді клиника салынады. Өңірлік медицинаны дамыту үшін еліміздің барлық облысында 20 заманауи медициналық орталық саламыз. Аудандық ауруханалар мен перзентханаларды, ауылдық емдеу мекемелерін барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз етеміз. 2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы 2,5 есе өсетін болады. Басты мақсат - қазақстандықтардың орташа өмір сүру жасын 75 жасқа жеткізу», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
- Батыс Қазақстанның бес ауданында карантин күшейтілді
- Президент Ахметжан Есімовке бірқатар нақты тапсырма берді
- Түркістан облысында корнавирус вакцинасы алдымен медицина қызметкерлеріне салынады
- Вакцинация індетке қарсы күресте қалай көмектеседі
-
Президент мемлекеттік қызметшілерді қысқарту үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етуді тапсырды
-
Үкіметтің кеңейтілген отырысы 26 қаңтарда өтеді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам