2023 жылға дейін полицейлердің жалақысы 90 пайызға дейін өседі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2023 жылға дейін полиция қызметкерлерінің жалақысы 90 пайызға дейін өседі. Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қызметкерлердің әлеуметтік-материалдық жағдайын көтеру бойынша іс-шаралар қабылдануда. Бүгінде полиция қызметкерлерінің жалақысы құқық қорғау органдары арасында өте төмен. Сондықтан Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2019 жылдан бастап кезең-кезеңмен жалақы көтерілуде», - деді министр.

Оның атап өтуінше, 2023 жылға дейін полиция қызметкерлерінің жалақысын 50-ден 90 пайызға дейін өсіру көзделген.

«Осылайша, сержанттың жалақысы 81 мыңнан 140 мың теңгеге дейін, лейтенант жалақысы 103 мыңнан 174 мың теңгеге дейін артады», - деді Ерлан Тұрғымбаев.


Соңғы жаңалықтар