2023 жылға дейін 6 өңір цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2023 жылға дейін 6 өңір цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға толық көшіріледі. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Министрлік цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуды дамыту аясында жоспарлы жұмыс жүргізуде. Бүгінгі күні Қазақстан халқының 92,43 пайызы цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратумен қамтылған. 11 өңір толығымен цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшті. Қалған 6 өңірді 2023 жылға дейін цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға толық көшіру жоспарланып отыр», - деді министр.

Оның дерегінше, осы жылы Шығыс Қазақстан облысында 6 радиотелевизиялық станцияны пайдалануға беру жоспарланған.

«Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшу халық үшін облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда – 30-ға дейінгі, облыс орталығынан төмен деңгейде 15-ке дейінгі телеарнаны трансляциялауға мүмкіндік береді», - деді Асқар Омаров.


Соңғы жаңалықтар