Валюта бағамдары:
    usd/kzt 460.51 eur/kzt 498.69

    rub/kzt 6.53 cny/kzt 68.18
Ауа райы:
Астана-12-14℃
  Jańalyqtar  >

2023 жылдың бірінші жартысында Мәжіліс таратылады

2022 жылғы 23 қараша, 14:49

АСТАНА. ҚазАқпарат – Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов палатаның жалпы отырысынан кейін Парламент сайлауының қашан өтетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Президент бүкіл электоралдық циклді жариялап қойған. Парламент сайлауы келесі жылдың бірінші жартыжылдығында өтеді. Мұны Президент жариялады. Әрине, сол сайлаудан кейін жаңа Үкімет жасақталады. Нақты мерзіміне келсек, Президент қашан сайлауды жариялайтынын күту керек», - деді спикер.

Сондай-ақ, сайлаудан кейін Үкімет қалай жасақталатыны туралы пікір білдірді.

«Келесі жылдың бірінші жартысында қазіргі Мәжіліс таратылады, жаңа Мәжіліс сайланады. Содан кейін Үкімет ауысады. Ауысқанда, жаңа құрам жасақталады. Осы Үкімет қала ма, жаңа Үкімет бола ма, ол туралы Президент шешім қабылдайды», - деді Ерлан Қошанов.


Автор:

Есімжан Нақтыбай

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары