2023 жылдан бастап Өзбекстандағы мемлекеттік іс қағаздарын жүргізу латын әліпбиіне көшеді

None
None
ТАШКЕНТ. ӨзА – ҚазАқпарат - 2023 жылдан Өзбекстандағы мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу латын графикасына негізделген өзбек алфавитіне көшеді. Бұл туралы ҚазАқпарат ӨзА агеттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Өзбекстандағы барлық ұйымдар мен мекемелердегі іс қағаздарын жүргізу латын графикасына негізделген өзбек алфавитіне көшеді.

2021 жылы 10 ақпанда Өзбекстан Министрлер кабинеті «Латын графикасына негізделген өзбек алфавитіне кезеімен толық көшуді қамтамасыз ету шаралары туралы» №61-санды қаулы қабылдады.

Қаулы туралы толық ақпаратты агенттік жариялады.

Қаулы мәтіне сәйкес, өзбек тілі алфавиті мен емле ережелері негізінде транслитерацияға арналған ақпараттық бағдарламалық жасақтаманың бірыңғай талабы әзірленеді (мерзімі – 2022ж. қаңтар), сонымен қатар оқу орындарына арналған оқулықтар мен басқа да әдебиеттер латын графикасына негізделген өзбек алфавитіне кезең-кезеңімен баспадан шығарылатын болады.



Соңғы жаңалықтар