2023 жылдан бастап медқызметкерлерді қаржылық және заңнамалық қорғау жүйесі енгізіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2023 жылдан бастап Қазақстанда медицина қызметкерлерін қаржылық және құқықтық қорғау жүйесі енгізіледі. Бұл туралы медицина қызметкерлерімен кездесу барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Медицина қызметкерлерінің еңбекақысы кезең-кезеңі мен көтеріліп келеді. Биыл 247 мың медқызметкердің айлығы өсті. Оның ішінде 74 мың дәрігерге 30%, 173 мың орта медицина қызметкерлеріне 25% алық қосылды. 2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы экономикадағы орташа жалақыдан 2,5 есе жоғары немесе шамамен 560 мың теңге болады. Ал орта медицина қызметкерлерінің жалақысы 210 мың теңгеге жетеді, – деді Ералы Тоғжанов.

Сондай-ақ, вице-Премьер Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап медицина қызметкерлерін қаржылық және құқықтық қорғау жүйесі енгізілетінін атады.

Еске сала кетейік, бүгін Елбасы кітапханасында Медицина қызметкерлері күніне орай «Адам жанының арашасы» атты салтанатты кеш өтті.


Соңғы жаңалықтар