2023 жылдан бастап кеме қатынасын жақсарту жұмыстары басталады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 2023 жылы кеме қатынайтын су жолдарында су түбін тереңдету жұмыстары басталады. Бұл туралы Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Атырау облысында 2018-2020 жылдары Жайық және Қиғаш өзендерінің су деңгейін көтеру және гидрологиялық режимін жақсарту бойынша жобалар жүзеге асырылды. Каналдардың жалпы ұзындығы 194 шақырымды құрады. Осы жылы республикалық бюджеттен 3 млрд теңге бөлінді. Бұл бағытта жұмыстар жалғасады», - С. Брекешев.

Оның айтуынша, 2023 жылы кеме қатынайтын су жолдарын ретке келтіру жұмыстары басталатынын атап өтті.

«Бұл жұмыстар балықтардың уылдырық шашатын жерлерге өтуі үшін қосымша қолайлы жағдай жасайды, сондай-ақ балық аулау кемелерінің Каспий теңізіне кедергісіз шығуына мүмкіндік береді», - деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан 25 мың тонна балық өнімдерін экспорттайды.

Балықты заңсыз аулағандар 15 тәулікке қамалуы мүмкін.

Фото:gov.kz


Соңғы жаңалықтар