2023 жылдан әлеуметтік осал топтағы отбасы оқушыларына компьютер жалға беріледі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 2023 жылдан әлеуметтік осал топтағы отбасы оқушыларына компьютер жалға беріледі. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында 25 мың жұмыс орны құрылады. Ал экономиканың жыл сайынғы өнімінің өсуіне цифрлық технологиялардың қосатын үлесін 1 пайызға дейін жеткіземіз. Яғни, бұл жерде жыл сайынғы экономиканың өсу динамикасына АКТ-ның қосқан үлесін бүгінгі 0,3 пайыздан 1-ге арттырамыз», - деді министр.

Оның атап өтуінше, бұл үшін, ІТ мамандарын 3 000 ваучермен қолдап, барлық қалаларда өңірлік технологиялық хабтар ашылады. Сонымен қатар елімізге шетелдік компаниялардың «релокациясын» қолдау жүргізіледі.

«2023 жылдан бастап әлеуметтік осал топтардағы отбасылардан шыққан оқушыларға компьютерлерді жалға беру бағдарламасын бекітеміз. Келесі жылы 20 мың баланы қамтамасыз ететін боламыз», - деді Бағдат Мусин.


Соңғы жаңалықтар