2022 жылы футболдан Әлем чемпионатын қандай телеарналар көрсетеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2022 жылы Катарда футболдан өтетін Әлем чемпионатын Қазақстанда трансляциялау құқығына «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ең басты жаңалықты да хабарлап өткім келеді. Бұған дейін де ол туралы айтқан едік. Алайда бүгін ресми түрде растағым келіп отыр: «Қазақстан» телерадиокорпорациясы келісімге келе отырып, 2022 жылы Катарда өтетін Әлем чемпионатын трансляциялау құқығына ие болды. Сондықтан, «Қазақстан» телерадиокорпорациясы алдағы уақытта да ең маңызды оқиғаларды таратып, қазақстандықтарды, көрермендерімізді қуанта беретін болады. Қазірдің өзінде аталған оқиғаны қалай тарататынымызды ақылдасуды бастап кеттік», - дейді ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Басқарма төрағасы Ерлан Қарин.

Айта кетсек, бұған дейін баспасөз мәслихатында «Qazsport» телеарнасының директоры Павел Цыбулин қазақстандықтар Ресейде өткен Әлем чемпионатында ең көп қараған матчты атаған болатын.

Еске сала кетсек, футболдан Әлем чемпионатының финалында Франция мен Хорватия құрамалары кездесіп, Франция жеңіске жеткен еді.

Соңғы жаңалықтар