2022 жылы елордада ескі үйлердегі тұрғындардың мәселесі шешіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда әкімі Алтай Көлгінов 2022 жылы қаладағы ескі үйлердегі тұрғындардың мәселесі шешілетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сарыарқа және Алматы аудандарында барак үлгісіндегі ескілер үйлер баршылық. Сонымен қатар ескі жатақханалар мен тозығы жеткен бес қабатты үйлер көп кездеседі. Биыл 257 отбасыны көшіреміз», - деді А. Көлгінов елорда мәслихатының кезектен тыс сессиясында.

Оның айтуынша, үлескерлер мәселесі толық шешілгеннен кейін, негізгі екпін апатты ескі үйлерге қойылады.

«2022-2023 жылдар үлескерлер проблемасын шешеміз. Ал 2022 жылдан бастап ескі үйлерді бұзуға ерекше мән береміз. Осы орайда апатты үйлердегі тұрғындарды жаңа баспанаға көшіреміз», - деді қала әкімі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Алтай Көлгінов үлескерлер мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты.


Соңғы жаңалықтар