2022 жылы елімізде 700-ге жуық жетім бала баспаналы болды – министрлік

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл республика бойынша 700-ге жуық жетім бала пәтер алды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биылғы жылы республика бойынша 700-ге жуық жетім бала пәтер алды. Қазақ жетімін жылатпаған халық. Осы орайда елімізде соңғы уақытта балалар үйлерінің саны азайып келе жатқанын атап өткен жөн. Ең басты қағида - баланың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығын қамтамасыз ету. Бүгінгі күні еліміздегі 22 081 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың 3 790 баласы 84 ұйымда тәрбие алып жатса, қалған 18 291-і отбасында тәрбиеленуде. Бұл - өз отбасында бала тәрбиелеуге ықылас білдірген ата-аналар санының өсуінің нәтижесі. Қазіргі кезде министрлік денсаулық жағдайына қарамастан, барлық балаларды қабылдауға дайын болатын қосымша кәсіби қабылдаушы отбасыларды құру бойынша заңнамалық деңгейде жұмыс жүргізуде», - деді Ғани Бейсембаев.

Сонымен қатар, вице-министр Балалар жылында елімізде бүлдіршіндерді қолдауға бағытталған қандай шаралар ұйымдастырылғанына тоқталды.


Соңғы жаңалықтар