Валюта бағамдары:
    usd/kzt 476.18 eur/kzt 485.56

    rub/kzt 7.76 cny/kzt 70.34
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

2022 жылы агроөнеркәсіптік кешенді сақтандыру аясында 144 шарт бекітілді

2022 жылғы 31 мамыр 17:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылдан бастап агроөнеркәсіптік кешенді ерікті сақтандыру аясында 399 шарт бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді егін мен мал шығынынан қорғау үшін агроөнеркәсіптік кешенді ерікті сақтандыру жүйесі жұмыс істейді, оның операторы ретінде «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ бекітілген. Осы жүйе аясында сақтандыру ақыларының 50% субсидиялау жүзеге асырылады», - делінген Ауыл шаруашылығы министрлігінің ҚазАқпаратқа берген мәліметінде.

2020 жылдың басынан бастап биылғы 13 мамырдағы жағдай бойынша жалпы 399 шарт жасалды. Сақтандыру сыйлықақысы 1 696,3 млн теңгені құрап, олар бойынша жалпы сомасы 848,2 млн теңгеге субсидия төленді.

Оның ішінде өсімдік шаруашылығы саласында 568,1 мың гектардан астам аумақты қамтыған 335 шарт тіркелді. Осы шарттар бойынша 748,9 млн теңге сомасына сақтандыру ақысын субсидиялау жүргізілді. Соның арасында топырақ ылғалдылығының тапшылығы индексін сақтандыру өнімі бойынша 521,3 мың гектарды қамтыған 310 шарт бекітіліп, 706,2 млн теңге сомасына субсидиялар төленді.

Ал мал шаруашылығы саласында 64 шарт тіреклді. Осы шарттар бойынша 99,3 млн теңге сомасына сақтандыру ақысын субсидиялау жүргізілді.

«2022 жылы 13 мамырдағы жағдай бойынша 144 шарт бекітілді. Сақтандыру сыйлықақысы 996,3 млн теңгені құрады. Олар бойынша жалпы сомасы 498,2 млн теңгеге субсидиялар төленді», - деп аталып өткен министрлік ақпаратында.

Оның ішінде:

- 302,5 мың гектарды қамтумен өсімдік шаруашылығы саласындағы 131 шарт (топырақ ылғалдылығының тапшылығы индексін сақтандыру өнімі бойынша) бар. Осы шарттар бойынша 464,7 млн теңге сомаға сақтандыру ақысын субсидиялау жүргізілді;

- Мал шаруашылығы саласында 60,3 мың басты қамтитын 13 шарт қамтылды. Бұл шарттарға қатысты 33,5 млн теңге сомасына сақтандыру ақысын субсидиялау жүргізілді.


Автор:

Руслан Ғаббасов

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары