+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының алауы Бейжіңге жетті

2021 жылғы 20 қазан 13:30
Бөлісіңіз:
2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының алауы Бейжіңге жетті

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – 2022 жылғы XXIV қысқы Олимпиада ойындарының алауы сәрсенбі күні Афиныдан ҚХР астанасына жетті. Бұл туралы 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындары ұйымдастыру комитетінен мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Сарыарқа» хоккей клубының бас бапкері ауысты Теннистен Дэвис кубогы: Қазақстан құрамасы Швецияны жеңді Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» елордада «Витязьге» жол берді

Олимпиада ойындары ұйымдастыру комитетінің делегациясы мінген ұшақ сәрсенбі күні таңертең Қытай астанасындағы «Шоуду» халықаралық әуежайына тоқтады. Кейін «Құс ұясы» ұлттық стадионының жанында орналасқан Олимпиада мұнарасында алауды қарсы алу шарасы өтті.

Олимпиада алауы алдымен Бейжіңдегі Олимпиада мұнарасына қойылады, кейін Қытайды аралап шығу үшін турнеге аттанады. Алайда, факельдік эстафета ауқымы коронавирусқа байланысты қысқарады.

2022 жылдың 2-4 ақпаны аралығында қысқы Олимпиада ойындарының үш сайыс аумағында – Бейжіңде, Яньцинде және Чжанцзякоуде 1200 алаугердің қатысуымен эстафетаның ақтық кезеңі өтеді.

Еске салайық, XXIV қысқы Олимпиада ойындары Бейжіңде 2022 жылдың 4-20 ақпаны аралығында, ал Паралимпиада ойындары – 4-13 наурызда өтеді.

Авторы: Руслан Сүлейменов


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT