2022 жылғы «Испания Вуэльтасының» толық маршруты белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұйымдастырушылар «Испания Вуэльтасының» 2022 жылғы толық маршрутын айтты. Бас біліктілікте жеңіске жету үшін қатысушыларға алты таулы кезеңнен өту керек. Бұл туралы ҚР Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Алғашқы үш кезең туралы ақпарат қыркүйекте белгілі болды.

Жарыс Голландияның Утрехт және Солтүстік Брабант өңірлерінде басталады. Ухрехт бірінші күні барлық үш Гранд Турдың кезеңін қабылдайтын алғашқы қала атанбақ.

Одан кейін Хертогенбош және Бреда қалалары алмасады.

Демалыс күні жарысқа түсушілер Испанияға оралып, жарысты Басктер елінде жалғастырады. 2021 жылдан бері бірінші рет Басктер елінің бірден үш провинциясы (Алава, Гипускоа және Бильбао) жарысқа қатыспақ.

Екінші демалыс күнінен кейін велосипедшілер Эльчеден Аликантеге дейінгі маршрут бойынша уақытқа 30 километр жүреді.

Андалусиядағы жарыс үш таулы кезеңнен тұрады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Андалусияның сегіз провинциясының барлығы бірінші рет жарысқа қатыспақ.

Олар Санлукар-де-Баррамеда мен Томарестен басталатын 188 километрлік жазық кезеңді ерекше атап өтті. Бұл кезең жарыстың соңғы аптасында ашылмақ.

Талавера-де-ла-Рейнадағы таулы кезеңде 19-кезеңдегі биік мәре ұсынылады.

Ал жеңімпаз Моральзарсальдан Пуэрто-де Навасеррадаға дейінгі таулы кезең аяқталғаннан кейін келесі күні белгілі болады.

Жалпы есеп бойынша жеңімпаз Мадридтегі дәстүрлі шешуші кезеңнен кейін анықталады.

Жарыс уақыт бойынша екі сынақтан, жеті таулы кезеңнен, төрт орта таулы, алты жазық кезеңнен және биік таулы мәресі бар екі жазық кезеңнен тұрады.

Сонымен қатар ұйымдастырушылар жарыстың әйелдерге арналған нұсқасы – CERATIZIT Challenge 2021 жылы кеңейіп, енді бес кезеңнен тұратынын растады.

Соңғы жаңалықтар