2022 жылғы Азия ойындары кейінге қалдырылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2022 жылғы Азия ойындары кейінге қалдырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Азия ойындары биыл 10-25 қыркүйек аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өткізілуі жоспарланған еді.

Азия ойындарын кейінге қалдыру жөніндегі шешім Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өткен Азия Олимпиадалық кеңесі атқару комитетінің отырысында қабылданды.

«Ханчжоудағы Азия ойындарының ұйымдастыру комитеті жаһандық проблемаларға қарамастан, жоспарланған уақытта ойындарды өткізуге өте жақсы дайындалды. Жоғарыдағы шешім пандемия жағдайы мен ойын ауқымын мұқият қарастырғаннан кейін қабылданды. Азия ойындарының атауы мен эмблемасы өзгеріссіз қалады», - делінген Азия Олимпиадалық Кеңесінің хабарламасында.

Еске салсақ, бұдан бұрын көгалдағы хоккейден Қазақстан құрамасы Азия ойындарының іріктеу кезеңіне қатысатыны хабарланды.


Соңғы жаңалықтар