2022 жылдың ең үздік боксшыларының тізімі жарияланды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сайт Boxrec.com сайты 2022 жылдың ең үздік боксшыларының рейтингісін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Тізімнің басында орта салмақта WBA Super, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин тұр.

Осы дивизионда WBO тұжырымы бойынша белдік иесі болып табылатын Жәнібек Әлімханұлы екінші орынға тұрақтаған.

Үшдік үштікті соңғы жекпе-жегінде супер орта салмақта екінші деңгейдегі IBF North American және WBC Silver чемпиондық белдіктерін жеңіп алған Али Ахмедов түйіндейді.

BoxRec сайтының бағалауы бойынша ең үздік деп танылған боксшылар:

1. Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО)
2. Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО)
3. Али Ахмедов (19-1, 14 КО)
4. Мейірім Нұрсұлтанов (18-0, 10 КО)
5. Сергей Липинец (17-2-1, 13 КО)
6. Бекман Сойлыбаев (15-1, 6 КО)
7. Жан Кособуцкий (19-0, 18 КО)
8. Жаңқош Тұраров (26-0, 19 КО)
9. Қанат Ислам (29-1, 22 КО)
10. Батыр Жүкембаев (20-1, 16 КО).


Ашық көздерден алынған фото

Соңғы жаңалықтар