2022 жылдың екінші жартысында мұнай бағасы көтерілуі мүмкін – сарапшылар болжамы
2022 жылғы 28 маусым 09:31

2022 жылдың екінші жартысында мұнай бағасы көтерілуі мүмкін – сарапшылар болжамы

АММАН.ҚазАқпарат – Сарапшылар Ресейге қарсы санкциялардың күшеюі, Иранның ядролық келісімін жасаудағы қиындықтар және ОПЕК-ке мүше елдер мен оның одақтастарының еркін өндіріс қуатының қысқаруы аясында биыл мұнай бағасының өсуін болжап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Уолл-стрит Банкі шикі мұнай мен мұнай өнімдері бағасының көтерілу қаупі «қазір өте жоғары» деп санайды. Бұл туралы Goldman Sachs-тің Ғаламдық тауарлық зерттеулер бөлімінің басшысы Джеффри Карри мәлімдеді.

IHS компаниясының аналитикалық есебіне сәйкес, Brent маркалы мұнай бағасы 2022 жылдың екінші жартысында әлемдік нарықта жеткізілім аз болған жағдайда барреліне 135 долларға дейін көтерілуі мүмкін.

Осы жылдың үшінші тоқсанында баға барреліне 136,3 долларға дейін өсуі мүмкін, деп санайды IHS сарапшылары.

Олардың болжамы бойынша, жалпы алғанда, екінші жартыжылдықта мұнай бағасы 135 АҚШ доллары деңгейінде қалады, ал жыл бойынша орташа алғанда ол барреліне 122 АҚШ долларын құрайды.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT