2022 жылдан әкімдіктер жанынан азаматтық бастамаларды қолдау орталықтары ашылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2022 жылы бастап әкімдіктер жанынан азаматтық бастамаларды қолдау орталықтары ашылып, жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы Қоғамдық кеңестің отырысында айтты.

«Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерде министрлікке ауылды жерлердегі азаматтық бастамаларды қолдау тетігін әзірлеу тапсырылды. Бұл бастама әкімдердің тікелей сайлауын енгізудің, жергілікті өзін-өзі басқарудың, бюджеттің төртінші дегейін енгізудің өзекті жалғасы болып табылады. Бұл шешімдердің бәрі ауыл тұрғындарының, яғни қазақстандықтардың 40 пайыздан астам халқының мүдделеріне тікелей байланысты», - деді комитет басшысы.

Оның айтуынша, жергілікті өзін-өзі басқаруды одан әрі жаңғыртудың маңызды факторы – азаматтық мәдениетті дамыту.

«Бұл таңда мемлекет ауылдағы азаматтық бастамаларды шағын грант беру арқылы қолдап жатыр. Жалпы ауылды жерлерде тіркелген 12 мыңнан астам үкіметтік емес ұйым бар. Басқа да азаматтық белсенділер шағын грант арқылы өз бастамаларына қолдау таба алады. 2019-2021 жылдары бұл мақсаттарға бүкіл ел бойынша 340 шағын грант бөлінді. Осы гранттар аясында ауылды жерлерде әр түрлі орталықтар ашылды. Оның ішінде әлеуметтік шеберханалар, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға арналған орталықтар, бос уақыт өткізетін нысандар, балалар алаңдары мен спорт обьектілері, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спортзалдар, қарт адамдарға арналған салауатты өмір салты үйірмелері және тағы басқа орталықтар ашылды», - деген министрлік өкілі ауылдағы бастамаларды қолдаумен бұдан былай жергілікті әкімдіктер де айналысатынын атады. Ол үшін олардың жанынан арнайы орталықтар ашылмақ.

«Ауылдағы азаматтық бастаманы қолдауға арналған осындай жобалар келесі жылы да жоспарланған. Ауылды жерелердегі қоғамдық бастамаларды кеңінен қамтуға бұл жеткіліксіз. Осыған байланысты әкімдіктерді осы процестерге тарту тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізізіліп жатыр. Қазіргі таңда жергілікті әкімдіктермен келіссөздар жүргізіліп, келесі жылға олардың бюджеттері арқылы азаматтық бастамаларды қолдау орталығы жұмысын бастағалы отыр», - деді Мадияр Қожахмет.


Соңғы жаңалықтар