2021 жылы мемлекеттік бюджетке 10,7 трлн теңге салық түсімдері түсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылы мемлекеттік бюджетке 10,7 трлн теңге салық түсімдері түсті. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2021 жылы мемлекеттік бюджетке салық түсімдері бойынша жоспар 103,6 пайыз (жоспар бойынша 10 346,9 млрд теңге, 377,4 млрд теңгеге асыра орындаумен 10 724,3 млрд теңге түсті) орындалды. 2020 жылмен салыстырғанда 25,3 пайызға немесе 2 163,1 млрд теңгеге артты. Оның ішінде: республикалық бюджет 102,1 пайыз орындалды. 2020 жылмен салыстырғанда 26,6 пайызға немесе 1 482,1 млрд теңгеге өсті. Жергілікті бюджет 106,8 пайызға орындалып, 2020 жылмен салыстырғанда 22,8 пайызға немесе 681,0 млрд теңгеге өсті ұлғайды», - деп атап өтеді комитеттен.

Ведомство мәліметінше, 2020 жылмен салыстырғанда республикалық бюджетке түсімдер өсімінің ең көп сомасы мұнайға салынатын корпоративті табыс салығы бойынша 533,7 млрд теңгеге немесе 34,2%, экспорттық кеден баждары бойынша 441,0 млрд теңгеге немесе 1,8 есе, ЕАЭО елдерінен импортқа қосылған құн салығы бойынша 235,8 млрд теңгеге немесе 34,7%, үшінші елдерден импортқа ҚҚС бойынша 149,3 млрд теңгеге немесе 23,1% және пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша 116,8 млрд теңгеге өскені немесе 35,1% байқалады.

2021 жылы 2020 жылмен салыстырғанда негізгі экспорттық позицияларға бағаның көтерілуі тіркелді. Оның ішінде баға мұнайға 68,7, мысқа 50,8, алюминийге 44,2, мырышқа 32,2, күміске 22,5, қорғасынға 20,4 және алтынға 1,7 пайызға артты. Мұнайға салынатын кедендік әкету бажының мөлшерлемесі 69,2 пайызға өсті.

Үшінші елдермен тауар айналымы 2021 жылы 2020 жылмен салыстырғанда 14,1 пайызға ұлғайды.

2021 жылы бір салық төлеушіге онлайн бақылау-касса машиналарынан орташа түсім 16,6 пайызға артты.


Соңғы жаңалықтар