2021 жылы мемлекет әлеуметтік міндеттемелерін толық орындады - Ерұлан Жамаубаев

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуге 422,6 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында 2021 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті қарау кезінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2021 жылы бюджет шығыстары 56 стратегиялық бағытты қамтыды. Даму жоспарларының 263 индикаторына қол жеткізілді. Ұлттық жобалар мен мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер етті. Мәселен, өткен жылы 17 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді», - деді Е. Жамаубаев.

Оның айтуынша, қалалар мен ауылдарда 5,3 мың шақырымға жуық сумен жабдықтау желілері салынды.

Жергілікті маңызы бар 1 287 шақырым автожол жөнделді.

Сонымен қатар ол агроөнеркәсіптік кешенде 24 мыңнан астам инвестициялық жоба субсидиялаумен қамтылғанын айтты.

«Білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет саласында педагогтердің, дәрігерлердің, мәдениет және халықты әлеуметтік қорғау қызметкерлерінің еңбекақысы көтерілді. Бұл мақсаттарға шамамен 950 млрд теңге жұмсалды. Тек эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуге 422,6 млрд теңге бөлінді. Жалпы, пандемияға қарамастан, мемлекет өзінің әлеуметтік міндеттемелерін толық көлемде орындады», - деді Қаржы министрі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, былтыр әлеуметтік шығыстар 910 млрд теңгеге ұлғайды.

Сонымен қатар Ерұлан Жамаубаев былтырғы бюджет кірістеріне қатысты түсінік берді.



Соңғы жаңалықтар