2021 жылы қазақстандықтар Google-да ең көп іздеген мәліметтер

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Google компаниясы 2021 жылы қазақстандықтар Google жүйесінде ең көп іздеген мәліметтерді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әдеттегідей, жыл соңында миллиондаған іздеу сұранысына талдау жүргізілген.

Нәтижесінде, биыл Қазақстан тұрғындары Google-да ең көп «Онлайн мектеп»-ті іздеген.

Қазақстандықтардың білім ресурстарына жоғары сұранысы екінші жыл қатарынан сақталып отыр. Алғашқы «ондыққа» сондай-ақ: Дайын үй тапсырмалары (ГДЗ), Вilimland.kz, Кundelik.kz кіру және Нұр сабақ тұр. Бұдан бөлек, Ұлттық санақ, Еуро-2020 чемпионаты және «Игра в кальмара», «Битва титанов» және «Истинная красота» сериалдары туралы ақпарат іздестірілген.

Қазақстандықтар адамдар арасында – саясаткерлер, бизнесмендер мен селебрити жөнінде көп ақпарат іздеген. Сұраныс бойынша алдыңғы орындарда саяси және қоғам қайраткері Алексей Навальный, биші және блогер Азамат Айталиев, әнші МакSим, актер Фархат Абдраимов және бизнесмен Кеңес Рақышев тұр. Сондай-ақ «Персона» санатындағы топ-сұранысқа Принц Филипп, Арон Атабек, Ильназ Галявиев, Жан Поль Бельмондо және Саид Губденский енді.

Қазақстандық Google пайдаланушылардың нұсқасы бойынша «Веном 2» триллері – жыл фильмі болды. Сондай-ақ «Жыл фильмі» санатындағы ең танымал сұраныстардың қатарына «Лига справедливости Зака Снайдера», «Отряд самоубийц 2», «Круэлла» картиналары, «Душа» әсерлі мультфильмі және Marvel әлемінен «Вечные» жаңа фильмі кірді. Одан басқа, «Гнев человеческий», «Черная вдова», «Красное уведомление» және «Мортал комбат» картиналары алдыңғы ондыққа кірді.

«Сериал» санаты бойынша алдыңғы үштікте «Игра в кальмара» сериалы, «Атака титанов» анимесі және «Истинная красота» дорамасы тұр. Қазақстандықтар арасында бұрынғыша Түрік және Оңтүстік Корея сериалдары ең таңдаулы болып отыр. Биыл тізімді «Королева Чорин» және «Винченцо» дорамалары мен түріктің «Постучись в мою дверь» сериалы бастап тұр. Топ «ондыққа» сондай-ақ, Netfliх-тің «Токийские мстители» мен «Обещанный Неверленд», «Джинни мен Джорджия» анимелері және Ресейдің «Трудные подростки» сериалы кірді.

«Сатып алу» санатында төртінші жыл қатарынан темір жол билеттері сұранысқа ие болып отыр. Сондай-ақ қазақстандықтар Алматыдан пәтерлер сатып алу, ұшаққа, киноға және Медеуге билеттер, бассейндер, кондиционерлер мен елордада көмір сатып алу туралы ақпарат іздеген.

2021 жылы қазақстандықтар Google-да ең көп іздеген мәліметтер:

Ең танымал сұраныстар:

Онлайн мектеп

ГДЗ

Білім ленд

Нұр сабақ

Игра в кальмара

Евро 2020

Sanaq gov kz

Атака титанов

Күнделік кз кіру

Истинная красота

Фильм:

Веном 2

Лига справедливости Зака Снайдера

Отряд самоубийц 2

Круэлла

Душа

Вечные

Гнев человеческий

Красное уведомление

Мортал комбат

Черная вдова

Сатып алулар:

ТЖ билеті

Алматыда пәтерлер

Ұшаққа билет

Бассейн

Машина

Кондиционер

Медеу билеттер

Сәтті жұлдыз онлайн билет сатып алу

Киноға билеттер

Астанада көмір

Персона:

Алексей Навальный

Азамат Айталиев

МакSим

Фархат Абдраимов

Кенес Ракишев

Принц Филипп

Арон Атабек

Ильназ Галявиев

Жан Поль Бельмондо

Саид Губденский

Сериал:

Игра в кальмара

Атака титанов

Истинная красота

Королева Чорин

Токийские мстители

Джинни и Джорджия

Постучись в мою дверь

Винченцо

Трудные подростки 3 сезон

Обещанный Неверленд


Соңғы жаңалықтар