+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

2021 жылы Қазақстанда мұнай өндіру көлемі 86 млн тоннаға дейін жетуі мүмкін

2021 жылғы 5 наурыз 10:36
Бөлісіңіз:
2021 жылы Қазақстанда мұнай өндіру көлемі 86 млн тоннаға дейін жетуі мүмкін

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылы Қазақстанда мұнай өндіру көлемі 86 млн тоннаға дейін ұлғайтылуы мүмкін. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Нұрлан Ноғаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мұнай тасымалы мен экспорты автоматтандырылған жүйе арқылы бақыланады Қызылордада мұнай өнімін заңсыз сатқан 25 жастағы тұрғын сотталды

«Пандемия салдарынан біраз зардап шеккен мұнай өнеркәсібінің негізгі көрсеткіштеріне тоқталатын болсам, 2020 жылдың қорытындысы бойынша мұнай және конденсат өндіру көлемі 85,7 млн тоннаға жетті. 2021 жылдың қаңтар айында қолданылған шектеулерді (-17%) ескере отырып, ең пессимистік сценарий бойынша 2021 жылға арналған болжамды өндіру көлемі – 83,4 млн тонна. Бұл ретте бүгінгі таңда әлемдік мұнай нарығы мен мұнайдың баға белгіленімдерінің бірте-бірте қалпына келу үрдісі байқалуда. 86 млн тонна жоспарды орындау күтілуде», - деді министр.

Оның айтуынша, 2020 жылдың қорытындысы бойынша мұнай экспорты 68,5 млн тоннаны құрады. 2021 жылға арналған жоспар- 67,5 млн тонна.

«Мұнай өңдеу көлемі 2020 жылдың қорытындысы бойынша 15,8 млн тоннаға жетті. 2021 жылға арналған жоспар – 17 млн тонна. Мұнай өнімдерін өндіру көлемі 2020 жылдың қорытындысы бойынша 11,8 млн тоннаға жетті. 2021 жылға арналған жоспар- 12,4 млн тонна», - деді Н. Ноғаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT