2021 жылы Қазақстанда электр энергиясын өндіру артады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Маневрлік қуаттарды дамыту міндетті шарт болып саналады. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Нұрлан Ноғаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2021 жылы 109 млрд кВтсағ электр энергиясын өндіру жоспарланған. Биыл «Электр энергетикасы туралы» Заңға сәйкес маневрлік қуаттар құрылысын ынталандыру және Гидроэнергетиканы дамыту жоспарын іске асыру жұмысы жалғасатын болады. Сонымен қатар, министрлік тарапынан Қазақстан Республикасы бірыңғай электр энергетикалық жүйе аймағында электр станциясының типі, аймақ, маневрлік қуаттың қажетті көлемдерін айқындаумен Маневрлік генерациялау режимімен генерациялайтын қондырғыларды орналастыру жоспары әзірленіп, бекітілді. Маневрлік генерациялау режимімен генерациялайтын қондырғыларды орналастыру жоспарымен маневрлік қуаттарды салу үшін перспективалық алаңдар анықталды», - деді министр.

Сонымен қатар, 2021 жылдың соңында инвестициялық жобаларды іріктеудің аукциондық сауда-саттығын өткізу жоспарланып отыр.

«Өсіп келе жатқан электр энергиясын тұтынуды және энергобаланста альтернативті әрі жаңартылатын энергия түрлерінің үлесін ескере отырып, еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Маневрлік қуаттарды дамыту міндетті шарт болып саналады. Сонымен қатар, биыл Smart Grid тұжырымдамасын әзірлеу және Бірыңғай электр энергетикасы жүйесіндегі техникалық іркілістерге ден қою жөніндегі жедел орталық құру жоспарланып отыр», - деді ведомство басшысы.

Айта кетейік, 2020 жылы электр энергиясын өндіру көлемі 108 млрд кВтсағ-қа жетті.



Соңғы жаңалықтар