USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

2021 жылы қандастардың басым бөлігі қай елдерден келді

2022 жылғы 15 қаңтар 15:23
Бөлісіңіз:
2021 жылы қандастардың басым бөлігі қай елдерден келді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылдың қорытындысы бойынша 17 540 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 87,8 мың этникалық қазақ оралды. 2021 жылы Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы (76,2%) Өзбекстаннан, 9,7% – ҚХР-дан, 6% – Түрікменстаннан, 2,6% – Моңғолиядан және 5,7% – басқа елдерден келген. Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (28,5%), Маңғыстау (19%), Түркістан (13%) және Жамбыл (7,8%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (10,5%) қаласына қоныстанды», - деп аталып өткен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінде.

Осы жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 55,2%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 28%-ды және зейнеткерлер 16,8%-ды құрайды. Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 11,1 пайызының жоғары білімі, 40,1 пайызының орта кәсіби білімі, 45,6 пайызының жалпы орта білімі бар және 3,1 пайызының білімі жоқ.

Айта кетейік, 2021 жылы стипендия бағдарламасы бойынша 132 қандас еліміздің жоғары оқу орындарына қабылданды.

2019 жылы Орталық Азия елдерінің шетелдік азаматтарына, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарға арналған еліміздің жоғары оқу орындарында білім алуға стипендиялық бағдарлама іске қосылды.

Стипендиялық бағдарлама бойынша қандастар тек бакалавриатқа ғана емес, сонымен қатар жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларына да әңгімелесу нәтижелері бойынша түсетігін атап өткен жөн. 2021 жылы стипендиялық бағдарлама бойынша 132 қандас қабылданды. Оның ішінде бакалавриатқа – 100, магистратураға – 22, докторантураға – 10. Сондай-ақ, үш жыл ішінде академиялық ұтқырлық аясында Франция, Литва, Ресей Федерациясы, Қырғызстаннан 33 қандас қабылданды.

Атап айтқанда , қандастар еліміздің жоғары оқу орындарына Ұлттық бірыңғай тест тапсырмай түсе алады. Бұл жайында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың Мәжіліс депутаттары сауалына берген жауабында айтылған.

«Заңнамаға сәйкес білім беру гранттары Ұлттық бірыңғай тестілеудің (бұдан әрі – ҰБТ) нәтижелеріне сәйкес білім беру бағдарламаларының нақты топтары бойынша конкурс негізінде беріледі. Бүгінгі күні қандастар үшін мемлекеттік білім беру тапсырысының жалпы көлемінің 4 пайызыы (2265 грант) мөлшерінде жоғары оқу орындарына түсу үшін қабылдау квотасы көзделген. Осы квота аясында 2012 жылдан бастап 2021 жылға дейін 8 000-нан астам қандас қабылданды. 2020 жылдан бастап жоғары білімге қолжетімділікті кеңейту мақсатында қандастар үшін ҰБТ алғаш рет электронды форматта ұйымдастырылды. Ол тестілеуді қашықтан шетелде тапсыруға мүмкіндік берді», - деп атап өтеді вице-премьер жауабында.

Оның дерегінше, 2021 жылы онлайн тестілеуге 1 143 қандас қатысты, 796 қандас немесе ҰБТ-ға қатысушылардың жалпы санының 69 пайызы білім грантын алды. Өткен жылы бұл көрсеткіш 76 пайыз деңгейінде болды.

«2020 жылдан бастап SAT, АСТ және IB халықаралық стандартталған тестілерінің балдарын ҰБТ балдарына ауыстыру енгізілді. Аталған сертификаттары бар адамдар ҰБТ тапсырудан босатылады. Тиісінше, стандартталған тест сертификаттары болған жағдайда қандастар ЖОО-ға ҰБТ-сыз түсуге мүмкіндігі бар», - деді ол.

Ералы Тоғжанов 2020 жылдан бастап диаспора өкілдері ҰБТ тапсырмай ЖОО-ға дайындық бөлімдеріне қабылдаудың бекітілген қағидаларына сәйкес әңгімелесу нәтижелері бойынша қабылданатындығын атап өтеді.

«Жыл сайын жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттік стипендиямен және жатақханалардағы орындармен қамтамасыз ете отырып, Қытай, Өзбекстан, Моңғолия, Ресей, Тәжікстан және Түрікменстаннан 1000-нан астам қандас қабылданады. Дайындық бөлімінің бағдарламасы бойынша қандастар қазақ тілін, жалпы білім беру пәндерін оқиды, ҰБТ-ға толыққанды дайындық курсынан өтеді», - деді Үкімет басшысының орынбасары.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT