2021 жылы Алматы облысында 23 елдімекенге газ тартылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы облысының әкімі Амандық Баталов өңірді газбен және ауыз сумен қамту жұмыстары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз газдандыру бағытында да ауқымды жұмыстар атқарып келеміз.

Өткен жылы облыс тұрғындарының 59%-ына газға қосылу мүмкіндігі жасалды (1,2 млн адам). Биылғы жылы тағы 23 елдімекенде газға қосылуға жағдай жасалып, 61%-ға жетеді», - деді А. Баталов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Әкімнің айтуынша, қалған аудандарды газдандыру үшін «Талдықорған - Үшарал», «Шелек-Кеген» магистралды газ құбыры құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы аяқталады. Құрылыс жұмыстары келесі жылы басталады.

«Облыста орталықтандырылған ауыз сумен қамту деңгейі республика бойынша алдыңғы қатарда, яғни 98,3% (678 елдімекен). Биыл 7 ауылға су құбырын жүргізу арқылы бұл көрсеткішті 99,5% (685 елдімекен) жеткіземіз (48 елдімекен қалады), сол сияқты 11 ауылда ауыз су сапасы жақсартылады», - дейді А. Баталов.

Бұған дейін спикер Алматы облысында 275 мың адам шағын және орта бизнеспен айналысатынын айтқан еді.


Соңғы жаңалықтар