2021 жылы «Әліппе» енгізіледі – Білім министрлігі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Әліппені» енгізу 2021-2022 оқу жылына жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Әліппенің» оқу бағдарламасына қатысты оқулықтар әзірлеу жұмыстары басталды. Бұл жұмыстың соңы ретінде 2021 жылдың қаңтар айынан бастап оқулықтар апробацияға енгізілетін болады. Ол үшін Білім және ғылым министрлігі апробация өткізетін пилоттық мектептердің тізбесін бекітті», - деді вице-министр Орталық коммуникацияар қызметінде.
Оның сөзіне қарағанда, осы бекіткен тізбеге байланысты барлық мектепте «Әліппе» бағдарламасы зерделенеді.
«Одан кейін оқулық даярлаудың барлық кезеңдеріне байланысты толық талдау жасау жұмысы жүрігізіледі. Сараптамадан өткен оқулықтар жаңа оқу жылында енгізіледі. Жалпы, «Әліппені» енгізу 2021-2022 оқу жылына жоспарланған», - деді Шолпан Каринова.
Оның айтуынша, «Әліппе» Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі негізінде дайындалады.
- «Оқулық» республикалық ғылыми-практика орталығына жаңа басшы тағайындалды
- Қазақстанда 2021 жылғы ұлттық бірыңғай тестілеу басталды
- Қазақстан оқушылары халықаралық Жәутіков олимпиадасынан 90 медаль жеңіп алды
- Қарамағында колледждері бар жоғары оқу орындарына қатысты қандай өзгерту енгізілді
-
Асхат Аймағамбетов грантта оқыған кейбір студенттер қандай айлаға баратынын айтты
-
Түлектер жекеменшік ұйымдарда да жұмыс істеу арқылы гранттарын өтей алады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам