2021 жылы әлемдік экономика 5,2 пайызға дейін қалпына келеді – Ерболат Досаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық банк қаржылық технологиялар мен ұлттық төлем жүйесін дамытуға бағытталған бірқатар стратегиялық құжатты қабылдады. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Пандемия және электронды қызметтерге сұраныстың өсуі жағдайында Ұлттық банк цифрландыру мен қаржылық технологияларды белсенді түрде дамытты. Цифрлық қызметтер үлесін арттырған жаңа сервистерді енгізумен бірге Ұлттық банк қаржылық технологиялар мен ұлттық төлем жүйесін дамытуға бағытталған бірқатар стратегиялық құжатты қабылдады», - деді Е. Досаев.

Оның айтуынша, пандемия Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең терең құлдырауды бастай отырып, барлық елдің экономикасына әсер етті. Негізгі дамушы елдердің ішінде экономиканың өсуі жалпы ішкі өнімі Қытайда ғана өскен – 2,3%-ға, бірақ онда соңғы 45 жылдағы ең төменгі деңгей тіркелді.

«2021 жылы әлемдік экономиканың 5,2%-ға дейін қалпына келуі күтілуде, алайда тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайға, сондай-ақ вакциналау процесінің жылдамдығы мен тиімділігіне байланысты неғұрлым баяу қалпына келу тәуекелі сақталып отыр», - деді ҰБ басшысы.


Соңғы жаңалықтар