+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

2021 жылғы Токио Олимпиадасына іріктеу турнирлері қашан басталады

2020 жылғы 26 қыркүйек 23:48
Бөлісіңіз:
2021 жылғы Токио Олимпиадасына іріктеу турнирлері қашан басталады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирус пандемиясының салдарынан әлемдегі ең айтулы спорттық шара – Жазғы Олимпиада ойындары келесі жылға шегерілді. Токиода топ жаруды аңсаған спортшылар төрт жылдықтың басты додасына тағы бір жыл дайындалатын болды. Осы ретте ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру комитетіне Олимпиада ойындарына қатысты бірқатар сауал жолдап көрген едік.

ҚазАқпарат агенттігінің ресми сауалына жауап берген комитет Олимпиада ойындарына жолдама ойналатын лицензиялық жарыстардың бәрі кейінге қалғанын хабарлады.

«Қазіргі уақытта коронавирустың таралу жағдайына қарап спорт түрлерінен Халықаралық федерациялар халықаралық спорт іс-шараларының күнтізбелік жоспарын пысықтауда. Аталған күнтізбе нақтыланғаннан кейін Қазақтан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетімен, Спорт түрлерінен аккредиттелген спорттық федерациялармен, жаттықтырушылар кеңесімен бірге қаралып, отандық спортшылардың дайындық жоспарларына тиісті өзгерістер енгізіледі», - деп хабарлайды комитеттен.

Бүгінге дейін Қазақстан спортшылары 17 спорт түрінен 42 лицензия жеңіп алған. Нақтырақ айтқанда спортшылар жеңіл атлетикадан 3 лицензия (Георгий Шейко, Ольга Рыпакова, Айман Ратова), тасжолдағы велосипед спорты 4 лицензия, жүзуден 2 (Дмитрий Баландин), ашық суда жүзуден 1 (Виталий Худяков), садақ атудан 4 (Мұсаев Санжар, Ганкин Денис, Абдуллин Ильфат), спорттық құзға өрмелеуден 1 (Ришат Хайбуллин) үйлесімді жүзуден 1 (Александра және Екатерина Немич) грек-рим күресінен 2 (Мейрамбек Айнағұлов, Асхат Ділмұхамедов), әйелдер күресінен 2 (Валентина Исламова, Эльмира Сыздықова), еркін күрестен 4 (Нұрислам Санаев, Дәулет Ниязбеков, Данияр Қайсанов, Әлішер Ерғали), спорттық гимнастикадан 1 (Милад Карими), стенд атудан 1 (Рысбекова Сәрсенгүл), нысана көздеуден 1 (Юрков Юрий), қазіргі бессайыстан 2 (Потапенко Елена, Ильященко Павел), каратэ WKF-тан (Дархан Асаділов), бокстан (ерлер) 8 лицензия (Сәкен Бибосынов, Теміржан Серік, Сафиуллин Зәкір, Жүсіпов Абылайхан, Аманқұл Әбілхан, Нұрдәулетов Бекзат, Левит Василий, Қамшыбек Қоңқабаев), бокс (әйелдер) 1 лицензия (Рябец Надежда) ұтып алған.

Комитеттің хабарлауынша, ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, ұлттық құрама командалардың дайындығын ұйымдастыруға қатысты барлық спорттық объектілер санитарлық-эпидемиялық талаптарды сақтай отырып, жұмыс істеп жатыр.

Сондай-ақ 2021 жылы жазғы Олимпиада ойындарында медаль алған спортшылардың сыйақысы бұрынғыдай қалатын болды. Яғни халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне ақшалай көтермелеудің мөлшері Үкіметтің 2020 жылғы 27 наурыздағы қаулысымен бекітілген. Яғни жазғы, қысқы Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарында І орын алғандарға - 250 мың АҚШ доллары, ІІ орын алғандарға - 150 мың АҚШ доллары, ІІІ орын алғандарға - 75 мың АҚШ доллары, ІV орын алғандарға - 30 мың АҚШ доллары, V орын алғандарға - 10 мың АҚШ доллары, VІ алған спортшыларға - 5 мың АҚШ долларынан беріледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT