2021 жылғы Қысқы Универсиада кейінге шегерілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Швейцарияның Люцерн қаласында 2021 жылы өткізілуі жоспарланған Қысқы Универсиада белгісіз мерзімге кейінге шегерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жөнінде Халықаралық университеттік спорт федерациясы (FISU) мәлім етті. Аталған шешім дүниежүзін алаңдатып отырған коронавирус пандемиясына байланысты қабылданып отыр. Универсиада 2021 жылдың 21-31 қаңтар аралығында өткізілуі тиіс болатын.

Дүбірлі доданың қашан өтетіні жайында әзірге нақты шешім жоқ. Алдағы екі айдың ішінде мамандар бұған байланысты нақты шешім қабылдайтын болады.

Ал 2023 жылғы Қысқы Универсиада АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өтеді деп жоспарланған. Ол 2017 жылы Алматы қаласында өткізілді.

Сондай-ақ, 21 тамызда футболдан Еуропа лигасындағы «Астана», «Қайрат», «Қайсар» клубтарының қарсыластары анықталды.


Соңғы жаңалықтар