2021 жылғы 1-тоқсанда төлем балансы тапшылықпен қалыптасты - ҰБ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылғы 1-тоқсанда төлем балансы тапшылықпен қалыптасты. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тауарлар экспортының 19,9 пайызға немесе 2,9 млрд АҚШ долларына төмендеуі және импорт ағынының 7,6 млрд АҚШ долларына дейін 4,8 пайызға немесе 0,4 млрд АҚШ долларына өсуіне байланысты осы жылғы 1-тоқсанда төлем балансының ағымдағы шоты 1,2 млрд АҚШ доллар тапшылықпен қалыптасты», - Ұлттық банк төрағасы.

Оның атап өтуінше, тауарлар импорты азық-түлікке жатпайтын тұтынушылық және инвестициялық тауарларды әкелудің ұлғаюы есебінен іскерлік белсенділіктің қалпына келуі және кейінге қалдырылған ішкі сұраныс аясында өсті.

«Автомобильдер, киім-кешек және компьютерлер сияқты тауарларды әкелуде барынша көп өсу байқалады. Тауарлардың осы топтары бойынша өсу 2020 жылғы 1-тоқсанмен салыстырғанда 458 млн АҚШ долларын құрады», - деді Ерболат Досаев.


Соңғы жаңалықтар