2021 жылға қарай Қазақстанда ісік геномы зертханасы құрылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2021 жылға қарай клиникаға дейінгі зерттеу орталығын мен ісік геномы зертханасын құру жоспарланған. Бұл туралы Парламент Мәжілісінде медициналық көмек тақырыбына арналған Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған кешенді жоспардың аясында онкологиялық патологияны анықтауды арттыруға және ерте диагностикалауға бағытталған іс-шаралар атқарылуда. 2018 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында Кешенді жоспарда ескерілген барлық көрсеткіштерге қол жеткізілді», - деді министр.

Белгілі болғандай, тиімділігі жоғары ерте диагностика, яғни 0-I сатыларда анықталған алғашқы қатерлі ісіктердің үлесі 26,2 пайызға артты (2017 жыл - 24,7%, 2022 жылғы мақсат - 33,5%).

Оның сөзіне қарағанда, мониторингілеу бойынша кадр әлеуетін және ғылымды дамыту, сондай-ақ шетелдің жетекші онкологиялық ұйымдарымен меморандумдар жасау жоспарланған.

«2021 жылға клиникаға дейінгі зерттеу орталығын құру, сонымен қатар 2021 жылға қарай ісік геномы зертханасын құру жоспарланған», - деп нақтылады Е. Біртанов,

Бұдан бұрын хабарланғандай, Үкімет сағаты барысында министр қазақстандықтар қатерлі ісіктің қай түріне жиі шалдығатынын айтты.

Соңғы жаңалықтар