2021 жылға дейін 270 радиотелевизиялық станса салынады - Дәурен Абаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2021 жылға дейін ел аумағында 270 радиотелевизиялық станса салынады. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшу аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар бойынша негізгі мәселелер төмендегідей: цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату құрылысын және инфрақұрылымын жаңғырту; әлеуметтік көмек алушыларды телевизиялық абоненттік жалғамалармен қамтамасыз ету; аймақтың цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшуі туралы халықты хабардар ету», - деп атап өтті ол.
Министрдің дерегінше, ел бойынша радиотелевизиялық стансалардың жалпы саны 827-ні құрайды. Бүгінгі күні оның 356-сы дайын. Жыл соңына дейін тағы 200-ге жуығын аяқтау жоспарланып отыр. Қалған стансалардың құрылысы 2019-2020 жылдар ішінде толық аяқталады. Биылғы жылдың соңына дейін цифрлық хабар таратуға көшуі жоспарланған аймақтар бойынша Маңғыстау, Жамбыл облыстарында және Түркістан облысы мен Шымкент қаласында тиісті стансалар салынып, халықтың 99 пайызы толық қамтылды. Аталған аймақтарда халықты қажетті қабылдағышпен қамтамасыз ету және ақпараттық хабарландыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
«Бұрын ешкім сенбеген цифрлық хабар таратуға қол жеткізу бойынша осындай ауқымды шаруалар қолға алынған. Осылайша, 2021 жылы осы жұмысты толық аяқтауды жоспарлап отырмыз. Яғни Шығыс Қазақстан облысындағы «Владимировкадан» Маңғыстаудағы «Қаражамбас» ауылына дейін, Солтүстіктегі «Сунное» селосынан, Түркістан облысындағы «Мырзакентке» дейін кең байтақ аумақ цифрлық хабар таратумен толық қамтамасыз етіледі», - деді Дәурен Абаев.
- Әлеуметтік желілерде жалған валюта сатылып жатыр - Stopfake
- Жамбыл облысында қазақ-қырғыз шекарасындағы ауыл интернетпен қамтылды
- ХҚО-лар азаматтарды тек алдын ала жасалған брон негізінде қабылдайды
- Ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін eGov порталында 6 жаңа қызмет іске қосылды
-
Қостанай архивіне Татарстаннан құнды құжаттар әкелінді
-
OTAU TV ұлттық спутник желісінің құрылғанына 10 жыл толды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам