2021 жылдың екінші тоқсанынан Қазақстан экономикасы оң траекторияға шығады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Іскерлік белсенділік дағдарысқа дейінгі деңгейге қарай қалпына келіп жатыр. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанда 2020 жылдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнімнің қысқаруы 2,6% болды, бұл қабылданған дағдарысқа қарсы бұрын-соңды болмаған шаралардың арқасында жалпы әлемдік құлдыраудан (4,4%) айтарлықтай төмен. 2020 жылдың 2-ші тоқсанында рекорд құлдыраудан кейін іскерлік белсенділік дағдарысқа дейінгі деңгейге қарай қалпына келуде. Ұлттық банктің болжамы бойынша, 2021 жылдың 2-ші тоқсанынан бастап Қазақстан экономикасы оң траекторияға шығады», - деді Е. Досаев.

Оның айтуынша, 2021 жылдың қорытындысы бойынша мұнай бағасы бір баррель үшін 45 АҚШ доллары болған кезде 3,7-4 пайызға деңгейінде өседі деп күтіледі.


Соңғы жаңалықтар