2021 жылдың 1 шілдесінен бастап факторлы-балдық шкаланы енгізу керек – Мемлекет басшысы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев факторлы-балдық шкаланы енгізуге қатысты тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысының айтуынша, еңбекақысы төмен мелекеттік қызмет қоғам үшін қымбатқа түсіп жатыр.

«Осы мәселедегі түсенбеушілік кері селекцияға, компетенция мен бастаманың төмендеуіне, сондай-ақ ең бастысы, сыбайлас жемқорлыққа алып келеді. Сондықтан 2021 жылдың 1 шілдесінен факторлы-балдық шкаланы енгізу керек. Бұл өз кезегінде мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін күшейту мен ынталандыруға себеп болады», - деді Президент.


Соңғы жаңалықтар