2021 жылдан зейнетақы жинағын баспана сатып алуға жұмсауға болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылдан зейнетақы жинағын баспана сатып алуға жұмсауға болады. Бұл туралы бүгін Қазақстан халқына Жолдауын жария еткен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Менің тапсырмамның аясында өзінің жеке зейнетақы жинағын пайдалану мәселесі талқыланған болатын. Бұл қазірдің өзінде де өзекті болып отыр. Дегенмен, 2021 жылы Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорының 700 мың салымшысы баспана сатып алуға, емделуге немесе қаржы компанияларының басқаруына өз жинақтарының бір бөлігін пайдалана алатын болады», - деді ҚР Президенті.


Соңғы жаңалықтар