Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 384.52 EUR 431.32
RUB 6.10 CNY 55.89
Jańalyqtar

2021 жылдан бастап ЖОО түлектеріне мемлекеттік үлгідегі диплом берілмейді

2018 жылғы 24 желтоқсан 16:17 1590
Бөлісіңіз:
2021 жылдан бастап ЖОО түлектеріне мемлекеттік үлгідегі диплом берілмейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2021 жылдан бастап жоғары оқу орындарының түлектеріне мемлекеттік үлгідегі диплом берілмейді. Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2021 жылдан бастап мемлекеттік үлгідегі дипломдар жойылады. Бірнеше жылдан кейін біздегі барлық жоғары оқу орындары өздерінің үлгісіндегі дипломдарды беретін болады. Сол арқылы олар өздерінің беделіне, білім сапасына, профессорлық-оқытушылық құрамына кепіл береді. Ендігі уақытта мемлекеттік үлгідегі диплом болмайды. Бұл да білім сапасына әсерін тигізеді», - деді вице-министр Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінде өтіп жатқан дөңгелек үстел отырысы барысында.

Сонымен қатар ол 2021 жылдан бастап сапаны қамтамасыз етудің шарасы ретінде сертификаттау процедурасы да енгізілетіндігін айтты. Дегенмен, оны енгізу барысында әлі де проблемалардың жеткілікті екендігін атап өтті.

«Әзірше кәсіби стандарттарымыздың саны жеткіліксіз. Сертификаттау үшін арнайы орталықтардың дайындығы да жеткілікті болмай отыр. Дегенмен, бұл институт 2021 жылдан бастап жұмыс істейтін болады. Демек, 2021 жылдан бастап дипломның болуы жұмысқа орналасуға кепілдік бере алмайды. Дипломның болғаны жақсы, бірақ белгілі бір біліктілік алғаны туралы сертификат та әкелу қажет», - деді Асхат Аймағамбетов.

Вице-министр түлектерінің 50 пайызы жұмысқа орналаса алмаған жоғары оқу орындарының лицензиясын Білім және ғылым министрлігі қайтарып алатындығын да ескертті.

«Бұл екі жайтты білдіреді. Нарықта бұл бағыттағы мамандар жеткілікті болғандықтан олар жұмыс таба алмайды не болмаса білім сапасының төмендігінен нарық оларды жұмысқа алмайды», - деді ол.

Фото: liter.kz

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT