2021 жылдан бастап Түрікменстан парламенті екі палаталы болды

None
None
АШҒАБАД. ҚазАқпарат – Түрікменстан президенті Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түрікменстан мемлекеттік ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бесінші шақырылым Меджлісі кезекті отырысының күн тәртібіне шығарылған Конституциялық кеңестің «Түрікменстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жобасы бірауыздан мақұлданып, қабылданды.

Түрікмен көшбасшысы барлығын Халқ Маслахаты мен Меджліс қызметін жетілдіруге қатысты «Түрікменстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңның қабылдануымен, сондай-ақ заң шығарушы қызметін жүзеге асыратын органдардың екіпалаталы құрылымының құрылуымен құттықтады.

Түрікменстанның «Түрікменстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңы 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Осыған байланысты Түрікменстан Халқ Маслахатының қызметі тоқтатылады.

Конституциялық Заңға сәйкес, Түрікменстан Ұлттық Кеңесі Халқ Маслахаты палатасының алғашқы мүшелерін Түрікменстан президенті тағайындайды.


Соңғы жаңалықтар