2021 жылдан бастап ішкі істер органдарына қызметке қабылдау талаптары өзгереді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылдың қаңтар айынан «Құқық қорғау органдары туралы» Заңға енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Бұл өзгерістер негізінен ішкі істер органдарына қызметке қабылдау тәртібіне қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа тәртіп бойынша ІІО-ына қатардағы, кіші және орта басшылық құрам лауазымдарына бастапқы кәсіби даярлау арқылы іріктеу тәртібі оңайланып, конкурсты және сынақ мерзімін алып тастау жолымен қызметке қабылдау мерзімі қысқарады.

Сондай-ақ, ішкі істер органдарының басшыларына қойылатын талаптар да қатаңдатылды.

Қызметке қабылдаудың жаңа тәртібі ІІМ Кадр саясаты департаменті ұйымдастырған арнайы семинар барсында түсінідірілді. Бұл семинарға ІІО-ның өңірлік департаменттер басшыларының кадр саясатын жүргізетін орынбасарлары және ІІМ, ТЖК, ҚАЖК, МКҚБ білім ұйымдары басшыларының орынбасарлары, сондай-ақ кадр бөлімшелерінің жеке құрамы қатысты.

ІІО-ына қызметке қабылдау конкурстық негізде жүргізіледі. Бірақ бұл тәртіп бастапқы кәсіптік даярлықтан өткендерге қолданылмайды.

«Қазіргі уақытта полиция жұртшылықпен тығыз өзара байланыс жасаудың жаңа форматына көшу қажет. Жаңа форматта көрсетілген талаптар әрбір полиция қызметкеріне тұрғындармен ашық әңгіме жүргізуге үйренуі міндетті екенін білдіреді. Кадрларды даярлау және іріктеу жүйесіндегі осындай ұстанымдарға басымдық берілуі тиіс», - деп атап өтті ІІМ Кадр саясаты департаментінің бастығы Айдар Сайтбеков.


Соңғы жаңалықтар