2021 сайлау: партиялық тізімдегі әйелдер мен жастарға арналған квота қаншалықты тиімді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Партиялық тізімдегі әйелдер мен жастарға арналған 30% -дық квота қаншалықты тиімді екенін Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының қоғамдық-саяси зерттеулер бөлімінің бастығы Алуа Жолдыбалина өз мысалына сүйене отырып айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл біз 2019 жылы бастамашылық еткен, бірақ 2020 жылы саяси реформалардың бірінші пакеті, саяси партиялар туралы заңға және сайлау туралы заңға енгізілген партиялық квотаны орындайтын алғашқы сайлау . Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, ол жұмыс істейді. Сайлауға әйелдер квотасын алғаш енгізген елдер – Скандинавия елдері: Норвегия, Швеция, Исландия, Дания. Бұл елдерде әйелдер үшін заңнамалық квота бар, сонымен қатар жастар квотасы бар», - деді Алуа Жолдыбалина елордада «Сайлау – 2021: үгіт-насихат трендтері» тақырыбында өткен сарапшылар талқылауында.

Оның айтуынша, аталған елдердің 25-30 жылдағы тәжірибесі көрсеткендей, әйелдердің сайлау және саяси процестерге қатысуы жақсы, оң нәтиже көрсетеді.

«Кейбір ел соңғы 20 жылда квотаны көбейтті. Мысалы, Норвегияда әйелдер квотасы 50% құраса, Данияда 40% құрайды. Бұл заңнама бекітіліп қойылған. Еуропаның көптеген елдері бұл квоталарды партиялық тізімге енгізуге мүдделі және оны жүзеге асыруда», - дейді сарапшы.


Соңғы жаңалықтар