2020 жылы Үкімет 17 заң жобасын әзірлейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Үкіметі 2020 жылы 17 заң жобасын әзірлейді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әділет министрлігі Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия мүшелерімен бірлесіп, Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2020 жылға арналған жоспар жобасын әзірледі. Жоспар жобасы мемлекет басшылығының тапсырмалары және стратегиялық құжаттарда айқындалған міндеттер негізінде әзірленді. Жоспар жобасы келесі жылы 17 заң жобасын әзірлеуді көздейді. Әзірленетін заң жобалары әртүрлі салаларды одан әрі дамытуға бағытталған», - деді министр.

Мысалы, оның айтуынша, заң жобалары әлеуметтік қамсыздандыру, дене шынықтыру және спорт, әскери қызмет және арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлері мен әскери қызметшілердің тұрғын үй қатынастары сияқты мәселелер. Алдағы жылы «Ерекше тауарларды бақылау туралы», «Өсімдіктер әлемі туралы» және «Ардагерлер туралы» жаңа жекелеген заң жобаларын әзірлеу көзделіп отыр.

«Жоспар жобасында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын, сондай-ақ Президенттің сайлауалды бағдарламасын іске асыруға бағытталған бірқатар заң жобалар да көзделген. Олар: мемлекеттік сатып алу, дене шынықтыру және спорт, аудандық, қалалық және ауылдық деңгейдегі биліктің дербестігі мен жауапкершілігін кеңейту мәселелері бойынша заң жобалар», - деді ол.

Министр дерегінше, әзірленетін заң жобаларының ең көбі - Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне тиесілі. Әрқайсысы 3 заң жобасынан әзірлейді. Қаржы, Ұлттық экономика, Сыртқы істер, Мәдениет және спорт, Геология және табиғи ресурстар, министрліктері 2 заң жобасынан әзірлейтін болады. Қорғаныс министрлігі 1 заң жобасын әзірлейді.




Соңғы жаңалықтар