+7 (701) 759 90 19
USD 388.70 EUR 428.70
RUB 6.08 CNY 55.46
Jańalyqtar

2020 жылы Түркістан облысында медицина саласын қаржыландыру деңгейі артады

2019 жылғы 31 қазан 15:29
Бөлісіңіз:
2020 жылы Түркістан облысында медицина саласын қаржыландыру деңгейі артады

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының тұрғындарына жаппай МӘМС жүйесі түсіндіріліп жатыр. Сала мамандары Арыс қаласы мен Отырар ауданының тұрғындарына сақтандыру жүйесі енгізілгеннен кейін емдеу тәртібі қалай өзгеретінін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елорда дәрігерлері медициналық сақтандыру жүйесіне дайын ба Түркістандық кәсіпкерлер медсақтандыру жүйесін енгізу тәртібімен танысты Түркістан облысының медицина қызметкерлеріне МӘМС жүйесі түсіндірілді

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан обласы бойынша филиалының директоры Асхат Бейсенбаевтың айтуынша, мемлекет денсаулық сақтау саласына яғни, халыққа көрсетілетін тегін медициналық қызметтерге жыл сайын бір триллион теңгеге жуық қаржы бөледі. Қаржыландыру көлемі жыл сайын артып келеді. Дейтұрғанмен, денсаулық сақтауға жұмсалған шығындардың 42% халықтың қалтасынан шыққан. Бұл тегін медициналық көмекке бөлінетін қаржының жетіспеуінен туындаған жағдай. Мұның отбасы бюджетіне едәуір салмақ түсіретіні даусыз. Жаңа жүйе осы шығындардың белгілі бір бөлігін сақтандыру есебінен жабуға мүмкіндік береді.

«Медициналық қызметтің мынадай түрлерін қаржыландыру деңгейі консультативтік-диагностикалық көмек 5,9 есеге, қалпына келтіру және медициналық оңалту қызметі 6,9 есеге, стационарды алмастыратын көмек 1,6 есеге, бастапқы медициналық-санитарлық көмек 1,2 есеге артады. 2020 жылы облыстағы медицина саласын қаржыландыру деңгейі артады. Ағымдағы жылға бекітілген бюджет 76,8 млрд теңге болса, 2020 жылға 99,1 млрд теңге бөлу жоспарланған. Оның 65,3 млрд теңгесі кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакетіне, 33,8 млрд теңгесі МӘМС пакетіне жұмсалады», - дейді Асхат Бейсенбаев.

Сала мамандарының сөзінше, келер жылы медициналық сақтандыру жүйесіне жарна қазақстандықтардың жеке табысынан түседі. Бұл ақша бүкіл ел бойынша мыңдаған науқасқа тегін диагностика мен лайықты ем алуға көмектеседі. Демек, еліміздегі кенжелеп қалған медициналық оңалту, қалпына келтіру көмектері жоғары тарифтермен кең ауқымда көрсетіледі. МӘМС – науқасқа жиналған қайырымдылық емес, керісінше тұрғындарды жаппай емдеуге мүмкіндік беретін ортақ жүйе болмақ.


Кездесуде мамандар жұртшылыққа жаңа жүйенің артықшылықтары мен тиімді тұстарын атап өтті.

«Елімізде қазіргі денсаулық сақтау жүйесімен салыстырғанда көптеген артықшылықтары бар. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жүзеге асқан соң, медициналық қызметтердің сапасы айтарлықтай жақсарады. Емдеу мекемелерінің арасында бәсекелестік артады, әр адам өзіне ұнаған дәрігерді немесе емхананы таңдау мүмкіндігіне ие болады»,- дейді Түркістан қалалық емханасының бас дәрігері Жанар Оспанова.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT