2020 жылы тұрғындардың 720 мың өтініші қаралды – Болат Төкежанов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Медициналық сақтандыру қоры халықпен кері байланыс орнатуға ерекше назар аударады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Басқарма төрағасы Болат Төкежанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен жыл ішінде біз 720 мыңға жуық өтінішті қабылдап, қарадық. 95% астамы - МӘМС жүйесіне қатысу, медициналық көмек алу, коронавирус бойынша консультациялар. Осы өтініштердің ішінде қормен егін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық қызметтер көрсетуге шарты бар медициналық ұйымдардың атына келіп түскен 8 мыңға жуық шағым бар», - дейді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Басқарма төрағасы.

Оның айтуынша, халық көбінесе консультациялық-диагностикалық қызметтердің қолжетімсіздігіне (жабдықтың болмауы, күту ұзақтығы, жолдаманың берілмеуі, кадр тапшылығы), медицина қызметкерлерінің дөрекілігі мен біліксіздігіне, медициналық көмек көрсету сапасына, ақылы қызметтерге жіберуге, ауруханаға жатқызудан бас тартуға қатысты шағымданады.

«Денсаулық сақтау жүйесінің негізгі қатысушысы ретінде қор 2021 жылы осы мәселелерді бірлесіп шешу жұмыстарын жалғастырады, бұл ретте басты мақсат – пациенттердің құқықтарын қорғау. Денсаулық сақтаудағы басты тұлға - науқас, оның мүдделері мен денсаулығы. Біздің мақсатымыз – денсаулық сақтау жүйесіндегі медициналық көмектің сапасын арттырудың катализаторына айналатын медициналық қызметтерді жеткізушілердің бәсекеге қабілеттігін арттыру. Осы жылдар ішінде жеке жеткізушілер нарығының динамикасы 50%-ға артты, бұл соңғы 3 жылда қол жеткізілген үлкен нәтиже. Біз адал бәсекелестік деген ұстанымға берік боламыз, бұл сапалы медицинаға апаратын жалғыз жол», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар