2020 жылы Шет ауданында 8 мың шаршы метр тұрғын үй салынды - Қарағанды облысы

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының Шет ауданында «Ауыл - ЕлБесігі» бағдарламасы бойынша кәріз жүйесін салу, су құбырын қайта жаңарту жәнежолдарды жөндеу қажет, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өткен жылдың қорытындылары мен 2021 жылға арналған жоспарлар туралы аудан әкімі Мұхит Мұхтаров Қарағанды облысының басшысы Жеңіс Қасымбектің төрағалығымен өткен онлайн-кеңес барысында айтып берді.

«2021 жылы Шет ауданында «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы бойынша 13 жобаны

іске асыру жоспарлануда, оның тоғызы - Ақадыр кентінде. Бұл жолдарды жөндеу, кәріз жүйесі мен бірінші көтерме сорғы станциясынан резервтік сумен жабдықтау желісін салу, Ермеков атындағы жалпы білім беретін мектепте спорт залы мен асхана салу жөніндегі жобалар», - деді Мұхит Мұхтаров.

Сондай-ақ, Бұрма ауылындағы су құбырын қайта жаңарту және Сәкен Сейфуллин

ауылы мен Красная Поляна елді мекеніндегі жолдарды орташа жөндеу жоспарланған.

Ауданда тұрғын үй құрылысына да көп көңіл бөлінеді. «Нұрлы жер» бағдарламасы

бойынша өткен жылы Ағадырда 12 пәтерлі екі үйдің құрылысы басталды. Биыл құрылыс жұмыстары аяқталуы тиіс. 2020 жылы барлығы 7 915 шаршы метр пайдалануға берілді, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 6,8%-ға артық.

Онлайн-кеңес қорытындысы бойынша облыс басшысы Шет ауданын дамытуға

қатысты бірқатар тапсырмалар берді.

«Өткен жылы аудан бюджеті 2019 жылмен салыстырғанда екі есеге артты, «Ауыл -

Ел бесігі» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламалары бойынша

қыруар жұмыс атқарылды. «Ауыл - Ел бесігі» маңызды жобалар биыл да

ұсынылып отыр. Біз олардың барлығын қолдаймыз. Ағадырдағы екі үйдің

құрылысына келетін болсақ, оларды міндетті түрде биыл аяқтау керек», - деп атап

өтті Жеңіс Қасымбек.


Соңғы жаңалықтар