2020 жылы QazVac вакцинасын алған Асхат Аймағамбетовтің қазір жағдайы қалай

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігі өткен жылы QazVac вакцинасын алған ведомство басшысы Асхат Аймағамбетовтің жағдайы жақсы екенін айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Асхат Қанатұлы өзін жақсы сезінеді», – деп жауап берді Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі. Сондай-ақ министрдің 2020 жылдың жазында екі компонентпен вакциналанғанын айтты.

Айта кету керек, баспасөз қызметінің қызметкерлері де қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцинаны салдырды.

ҚР БҒМ баспасөз хатшысы Гаухар Омарбектің айтуынша, олардың жағдайы жақсы.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қазақстандық вакцинаны алғашқылардың бірі болып сынақтан өткізген болатын.

Бұған дейін ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов коронавирусқа қарсы қалай вакциналанғаны жайлы айтып, ғылымға сенуге шақырған еді. Қазақстандық QazVac вакцинасын сынаудың үшінші кезеңі шілде айында аяқталады.

Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ҒЗИ бас директоры Күнсұлу Закарияның айтуынша, аталған кезеңде отандық вакцинаның клиникалық зерттеулерінің толық нәтижелерін алу жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар