2020 жылы Өзбекстаннан шетелге көшкен азаматтардың дені Қазақстанға қоныс аударған

None
None
ТАШКЕНТ. ӨзА-ҚазАқпарат - Өткен 2020 жыл қорытындысына орай Өзбекстаннан көшіп кеткендердің саны елге көшіп келгендерге қарағанда 12,5 мыңға көбейген, деп хабарлайды ҚазАқпарат ӨзА агенттігіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік статистика комитетінің Өзбекстандағы көші-қон жағдайы туралы ақпаратында, 2020 жылы Өзбекстаннан 203,7 мың адам көшіп кеткен. Сонымен қатар 191,2 мың адам елге қоныс аударған. Пандемия жағдайында шекаралар ұзақ уақыт жабық болғанына қарамастан, көші-қон көрсеткіштері 2019 жылмен салыстырғанда біршама көп.

Өзбекстанға қоныс аударушылардың басым бөлігі Қазақстан (жалпы мигранттардың 37% -ы), Ресей (22,3%) және Тәжікстан (20%) елдерінен келгендер болса, шетелге кеткен азаматардың дені Қазақстанға (64,3%) және Ресейге (29,3%) көшкен.

2019 жылғы статистика бойынша 169,5 мың азамат шетелге қоныс аударған, ал сырттан елге қоныс аударғандар саны 158,9 мыңды құраған.


Соңғы жаңалықтар