+7 (701) 759 90 19
USD 386.44 EUR 428.37
RUB 6.06 CNY 54.93
Jańalyqtar

2020 жылы мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдайтын портал іске қосылады

2019 жылғы 9 қараша 02:32
Бөлісіңіз:
2020 жылы мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдайтын портал іске қосылады

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау оңтайландырылады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы облысында еңбек қауіпсіздігі бойынша жұмысты жандандыру қажет – Нұрымбетов Қызылорда облысындағы арнайы дүкенде азық-түлік 50 пайыз жеңілдікпен сатылады Қазақстанның үздік әлеуметтік қызметкерлері марапатталды

Әсия Темірбаеваның сөзінше, бүгінде облыста 93 мың мүмкіндігі шектеулі азамат есепте тұр. Келесі 2020 жылдан бастап мүгедектігі бар азаматтарды қолдау шаралары әлеуметтік қызметтер порталын енгізу арқылы жүргізілетін болады.

«Біздің негізгі мақсатымыз – оларды белсенді қоғам өміріне тарту. Осы мақсатта мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қорғаудың және қолдаудың кешенді шаралары қарастырылып отыр. Оның ішінде жәрдемақылардың 4 түрі, қызметтер мен оңалту құралдарын, санаторий-курорттық емдеуді, жеке көмекші мен ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну», - деді Әсия Құралқызы.

Басқарма басшысының айтуынша, аталған мәселелер алдағы уақытта әлеуметтік қызметтер Порталын енгізу арқылы шешілетін болады. Портал оңалту құралдары мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу мерзімдерін қысқартуға және олардың сапасын арттыруға бағытталған. Порталды енгізу нәтижесінде тауарларға үлкен таңдау, оңалту құралдары мен қызметтер нарығына теңдей қолжетімдік қамтамасыз етілмек. Мемлекеттік қызметтердің сапасы өседі және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырмайды.

«2020 жылдан бастап 5 бизнес-процестің 2 түрін порталға ауыстыру жоспарланып отыр. Олар: арнаулы әлеуметтік қызметтер және 55 техникалық оңалту құралдарының ішінен 24 түрімен қамтамасыз ету. 2020 жылдың көктемінен бастап қызметтердің қалған 3 бизнес-процессін Портал арқылы алу мүмкіндіктері қарастырылуда», - деді Әсия Темірбаева.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT