Jańalyqtar
2020 жылы мемлекеттік қызметтердің сапасына дәлелді шағымдар болған жоқ
2021 жылғы 22 қаңтар 10:59
Бөлісіңіз:
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылы мемлекеттік қызметтердің сапасына дәлелді шағымдар орын алған жоқ. Бұл туралы ҚР Әділет вице-министрі Азамат Әмірғалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«2020 жылы мемлекеттік қызметтерді 100 пайыз «электрондық үкімет» порталы арқылы көрсету бойынша шаралар қабылданды. 6 137 554 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Олардың 98 пайызы электрондық түрде жүргізілді. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 2 миллионға артық», - деді Азамат Әмірғалиев министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.
Сонымен қатар, ол мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтер бойынша бұзушылықтардың саны 99,7 пайызға азайғанын баса айтты.
«Мемлекеттік қызметтердің сапасына дәлелді шағымдар орын алған жоқ», - деді вице-министр.
Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
Сондай-ақ... оқыңыз
- Қарағанды облысында алимент төлемеген борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды
- Ақтөбеде қағаз түрінде көрсетілетін қызметтердің көлемі артты
- Ерлан Қиясов Үкімет мүшелеріне қай вакцина салынатынын айтты
- Министрлер Nur Otan партиясында азаматтарды онлайн қабылдауда
-
Әділет министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
-
Киберволонтерлер жасөспірімдерге қатысты қылмыстың алдын алуға көмектесуде
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам
ONLAIN QYZMETKERLER