2020 жылы Маңғыстауда «Үнді жылы» аталып өтеді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Әлихан Қыраубаев Үндістан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Прабхат Кумарды қабылдады,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Маңғыстау облысының әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу аясында 2020 жылы шілде айында «Маңғыстау облысындағы Үнді жылы» мәдени шарасын өткізу туралы келісімге қол қойылған.

Сондай-ақ, тау-кен өндірісі, білім, өнеркәсіп салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері талқыланған.

Сонымен қатар, тараптар Маңғыстау облысы мен «G Mar» үнді компаниясы арасындағы ынтымақтастықты қалпына келтіру мүмкіндігін қарастыру туралы айтқан.




Соңғы жаңалықтар