2020 жылы Маңғыстауда тоғыз жаңа балабақша салынады

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Биыл Ақтауда жекешелік-мемлекеттік әріптестік аясында 9 балабақша салынады. Бұл туралы білім басқармасының басшысы Асқар Сейдалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Білім нысандары Шығыс-1, 32, 34-шағынаудандар мен жаңа тұрғын-үй кешендері жанынан ашылмақ. Сондай-ақ, 2 мектептің құрылысы да басталады.

Өңір табиғи өсім жағынан еліміз бойынша көш бастап тұр. Тиісінше, облыста 3 ауысымды мектептер саны да азаймай отыр. Мәселен, облыс бойынша былтыр 6 білім ордасында оқушылар үш ауысымда оқыса, биыл 9 мектеп осы жүйеге көшкен. Осыған орай, мектеп пен балабақша санын көбейту жоспарланып отыр.

Жекешелік-мемлекеттік әріптестік арқылы ашу қолайлы саналады. Соңғы 3 жылда 90 балабақша осылай салынса, былтыр Ақтауда 3 көпфункционалды спортзал ашылып, 5 балабақша күрделі жөндеуден өткен. Нәтижесінде балабақшада кезек азайып, 3-6 жастағы бала саны 100% қамтылған. Биыл да түрлі жобалар жоспарланып отыр.

«Мұнайлы мен Ақтау қаласы. Статистикалық анализ бойынша балалардың саны алдымыздағы 5 жылда 212 мың оқушыны құрайды. Әрине, мектептер, балабақша тапшылығы болыр тұр. Алдағы уақытта 31 жекешелік-мемлекеттік жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Ақтау қаласынан, оның ішінде 2240 орындық 9 балабақша, 600 орындық 2 мектеп құрылысы және 20 мектептің асханаларын сенімгерлікке беру. Құжаттары дайын»,-дейді Асқар Сейдалиев.


Соңғы жаңалықтар