2020 жылы қолжетімді тұрғын үй құрылысы көлемін 3 есе ұлғайтамыз - Алтай Көлгінов

None
None
НҰР-СЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР вице-премьері Роман Склярдың қатысуымен өткен кездесуде қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемін арттыру мен 2020-2021 жылдары елорданың проблемалық нысандарының мәселесін шешу талқыланды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Кездесуге, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың, тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің және құрылыс компанияларының өкілдері қатысты. Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр елімізде «Нұрлы Жер» бағдарламасы сәтті жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Өткен жылы 13 млн 130 мың шаршы метр тұрғын үй салынды.

«Қолжетімді тұрғын үй сегментін салу үшін барлық қажетті резервтер бар. Мысалы, «Нұрлы Жер« бағдарламасына өзгерістер енгізілді. Тұрғындар тарапынан сұраныс бар, тұрғын үй құрылысы қарқынын ұлғайту қажет», - деді ол.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов өткен жылы 2020-2021 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысының көлемін арттыру мен Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында үлестік құрылыс нысандарының мәселесін шешу бойынша дайындық жұмыстары қолға алынғандығын айтты.

«Тұрғын үй мәселесі-басты, маңызды бағыттардың бірі. Өткен жылы кезекте тұрған 2900 азамат пәтер алды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл қолжетімді баспана көлемі 3 есе ұлғайса, 2021 жылы одан да көп болмақ. Үй құрылысы комбинатының жұмысы көмектеседі-мемлекеттің қолдауының арқасында кәсіпорынның жұмысы жаңартылды. Үйлердің сапасына нұқсан келтірілмей, шаршы метрдің құнын азайтуға және тұрғызу мерзімін қысқартуға көмектеседі. Бірқатар мәселелер бірлесе жұмыс атқаруды талап етеді», - деді А. Көлгінов.

2020 жылы жалпы 500 мың шаршы метрден астам тұрғын үй салу жоспарланған – бұл шамамен 8 мың пәтер. 2021 жылы 8,5 мың пәтерді пайдалануға беру жоспарланып отыр.

7800-ден астам үлескер пәтер алып, құжаттарын рәсімдей алады. 2019 жылы қабылданған шаралардың арқасында 10 нысан пайдалануға берілді. (11 үй, 2,5 мың үлескер). Әрбір құрылысы ұзаққа созылған нысан бойынша қадамдық іс-шаралар жоспары әзірленді.


Соңғы жаңалықтар